Жаркент өңіріне танымал азамат, «Нұрбатыров» шаруа қожалығының басшысы Нұрбатыров Жомарт 20 қарашада ел өзінің таңдауын жасайтынына сенеді.
«Сайлау – қарапайым азаматтардың үнін билікке жеткізу. Ал енді Президент сол халықтың мұң-мұқтажын шешуге тікелей ықпал ететін жүйенің басшысы. Демек халық президентті сайлағанда өздерінің қажеттіліктерін, ізгі қоғам қалыптастыру жолындағы өз арман-мақсаттарына дауыс береді. Бұл науқаннан тыс қалуға болмайды. Қатысайық, өз таңдауымызды жасайық жерлестер», – дейді шаруашылық жетекшісі.