Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, жазушы Ырысбек Дәбей маңызды күнде республика жұрты белсенділік танытатынына сенім білдіреді.
«Президент сайлауының әрбір адамның өміріндегі мән-маңызы жоғары. Оны бәріміз де түсінуіміз керек. Осы елдің, осы мемлекеттің азаматы болған соң тұтас бір организмдей әрекет етуіміз керек. Әрине, таңдауға талас жоқ. Ең бастысы сайлау учаскесіне барып, өз құқыңызды, өз таңдауыңызды жасауыңыздың өзі сіздің болашақ тағдырымызға бей-жай қарамайтындығыңызды білдіреді. Сондықтан сайлауға барыңыз, өз таңдауыңызды жасаңыздар дегім келеді», – дейді қаламгер.