Сайлау уақыты басталғалы Жаркенттіктер белсенді түрде сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.
«Бүгін, яғни, 2022 жылдың 20 қарашасы Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам, біртұтас мемлекет үшін өз таңдауымды жасап, дауысымды бердім! Болашағымыз жарқын болсын! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!», – дейді аудан тұрғыны Әлімов Нұрлан.