Кезектен тыс Президент сайлауының өту барысы бақылаушылар назарында. Көкшетаудағы №3 орта мектепте орналасқан №15 сайлау учаскесіндегі бақылаушы Гүлнұр Мұхамбеталинаның айтуынша, жауапты науқан ұйымшылдықпен өтуде.
«Сайлаушылардың дені түске дейін келе бастады. Әсіресе жастардың қатары көп екендігі қуантады. Ел болашағы үшін өз таңдауларын жасауда. Ертеңіміз үшін әрбір дауыс маңызды. Учаскедегі жауапты қызметкерлер сайлаушыларға дауыс беру тәртібін жан-жақты түсіндіруде. Жауапты науқан талапқа сай өткізіліп жатыр», – дейді ол.
Ақмола облысында кезектен тыс Президент сайлауына 738 сайлау комиссиясы, оның ішінде 21 аумақтық және 717 учаскелік комиссия жұмылдырылды. Олардың құрамында барлығы 4306 өкіл бар.
Олыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың ақпараты бойынша өңірде 517 301 сайлаушы тіркелген.
«Сайлауды сауатты, ашық, заңға сәйкес өткізу үшін біз барлық комиссия мүшелерін оқытуды ұйымдастырдық. Көкшетауда учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін практикалық сабақтар, ауыл әкімдері үшін оқыту семинары өткізілді. Бұл қашықтықтан оқыту - тестілеу және сертификаттарды тапсыру, мемлекеттік басқару академиясы филиалы педагогтарының әр ауданға және қалаға – семинарлар және практикалық сабақтармен шығуы. Сайлау комиссияларының мүшелері жауапты шараға жан-жақты дайындалды», — деп атап өтті Манарбек Сәдуов.