Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев өткен жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. біртұтас ұлт. берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауыында еліміздің даму бағдарламасын және алдағы реформалардың бағыт — бағдарын айқындап айтты. Жолдаудың тақырыбының өзі түсінген адамға болашақтың суретін салып түрғвндай әсер береді. Жоқ әлде сөздің төркінін түсінетін бізге солай көрінеді ме? Менің ойымша барша қазақстандыққа түсінікті. Онда: Дамудың даңғыл жолы бабалардың салып кеткен сара соқпағындай айқын көрініп тұр. Соның ішінде менің қазіргі айтқалы отырған әңгімеме арқау болар билік пен халық арасындағы қатынас жайында Қасым – Жомарт Кемелұлы жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары туралы нақты тоқталып, «Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайды» — деп басып айтты.
Бағдарламада Президент өкілеттілігін шектеу, сайлау жүйесін өзгерту, саяси партияларды тіркеу процедурасын жеңілдету секілді іс — шаралар көзделген.
Жергілікті өзін — өзі басқару органдарының экономикалық дербестігін нығайтып, аудандық және қалалық мәслихаттардағы сайлаудың мажоритарлық жүйесін және барлық деңгейдегі облыстық мәслихаттардағы сайлаудың аралас жүйесін (пропорционалдымажоритарлық – 50/50) және императивті мандатты енгізу жоспарланған болатын. Сол жоспар бүгңнде іске асуда.
Мемлекет басшысы Жолдауында «Елімізді саяси жаңғырту үдерісінде парламентаризмді дамыту ісі айрықша орын алады. Жаңарған Ата заңымыз әділ әрі ашық ережелері бар саяси жүйенің мүлде жаңа стандарттарын енгізеді. Саяси партияларды тіркеу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілді. Парламент пен мәслихаттарды партиялық тізім және бір мандатты округ бойынша жасақтаудың тың тәсілдері іске қосылады.
Бұл өзгерістер саяси партиялардың санын арттырады, саяси бәсекені күшейтеді, халық қалаулыларының жаңа легі пайда болуына септігін тигізеді – деді. Мұның алдында партияда жоқ адамдар сайлауға түсе алмайтын. Қазір мәжіліске 70 пайыз партилар атынан, 30 пайыз бір мандатты өзін – өзі ұсынған жасы жиырмаға толған, соттылығы жоқ, патриот кандидаттар түсіп отыр.
Сөз соңында биыл Президент сайлауы, келесі жылы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Содан кейін Үкімет құрамы жасақталады. Соның нәтижесінде 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарады – деген болатын. Міне сол уақыт та зымырап жетті. Енді бір аптадан кейін, яғни 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттардың сайлауы өтеді.
Оған жеті партия өкілдері және өзін – өзі ұсынған бір мандаттық сайлау округі бойынша кандидаттар тіркелген. Олар бүгінде өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізуде.
Сондай ақ, бағдарламада әкімдер мен әкім орынбасарларының партия филиалдарында қызмет атқаруына заңнамалық тұрғыдан тыйым салынды делінген. Соған байланысты бұрындары аудандық партия филиалының төрағасы болған аудан әкімі Базарханов Есім Сейілханұлы партиядағы өз өкілеттігін партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған Дәулетбекова Күлайхан Тұрсынбекқызына тапсырды. Партия төрағасы комиссия мүшелерінің қолдауымен салтанатты түрде тағайындалды.
Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы мүшелері мен өкілдерінің партия қатарынан шығуы міндеттеледі. Мұның бәрі сайлаудың әділетті өтуіне септігін тигізетіні анық.
Құрметті жерлестер!
Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! 19 наурызда сайлауға бір кісідей қатысып, ел болашағына ұйытқы болатын нағыз елжанды азаматтарға бірге дауыс берейік. Әркімнің таңдауы маңызды. Сондықтан өз таңдауымызды жасайық.
Президент Жолдауынан алып ұшқын,
Сарқытын саясаттың қанып іштім.
Реформалар дамудың даңғыл жолы,
Әрбір жоғы табылған сағыныштың.
Сондықтан таңдауымды жасау үшін,
Учаскеге келіп тұр алып ұшқым.
Халайық сіздерді де шақырамын,
Қалаулысын таңдайық мәжілістің.
Бекболат АТАМБАЕВ,
ақын, Ақсу ауданы Қарасу ауылының тұрғыны, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы