Бұқа Үмбетұлы Жаркент уезі Байтүгей болысының оспа (шешек ауруына) қарсы егуші болып қызмет атқарған 1883-1899 жылдар арасында 1-10 жас арасындағы 15 мың балаға шешек екпесін егіп, екпесі сәтті шыққан.
Ең жаман бала ауруы жұқпалы шешек ауруы болса, бұл аурудың алдын алу жолы екпе ектіру еді. Бұқа атамыз бұл іске әбден маманданып алған. Жыл сайын алатын айлығы 60 рубль болған. Ал 1899 жылдан бастап оны жұмыстан қысқартып жібереді, сонда да Бұқа атамыз 1903 жылға дейін ояз дәрігері мен медицина персоналының жанында тегін жұмыс істеп жүрген. Соңғы 4 жылдың ішінде 4 мыңнан астам балаға оспа екпесін салып шешек ауруының шеңгелінен аман алып қалады. 1-10 жас аралығындағы ұл, қыз жалпы саны 3139 қазақ баласының тізімін көрсетіп жазған.
«Негізі одан да көп барлығының тізімін жазып едім, құжаттар сақталмай қалды» дейді өзі.
Осындай елге ерекше жанашырлық қызметі үшін Бұқа Үмбетұлы Жетісу губернаторы тарапынан күміс медальмен және адамдарды құтқарғаны үшін Владимир лентасымен марапатталады.
тарихшы-ғалым.
РЕДАКЦИЯДАН: Құрметті оқырман, егер де Бұқа молдаға қатысты қандай да бір дерек, мәлімет білсеңіздер редакциямызға қоңырау шалып, хабарлассаңыздар екен.