Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың дауыс беруі туралы ақпарат берді. Жамбыл облысы алда келеді.
2023 жылғы 19 наурызда сағат 10.10-ғы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21 % бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 15,13 %
- Ақмола облысы бойынша – 15,61 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 12,44%
- Алматы облысы бойынша – 15,32 %
- Атырау облысы бойынша – 12,94 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96 %
- Жамбыл облысы бойынша – 16,54%
- Жетісу облысы бойынша – 15,93 %
- Қарағанды облысы бойынша – 16,31 %
- Қостанай облысы бойынша – 16,23 %
- Қызылорда облысы бойынша – 12,64%
- Маңғыстау облысы бойынша –12,36 %
- Павлодар облысы бойынша – 16,49 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93 %
- Түркістан облысы бойынша – 15,62%
- Ұлытау облысы бойынша – 16,38 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11 %
- Астана қаласы бойынша – 13,58 %
- Алматы қаласы бойынша –8,51 %
- Шымкент қаласы бойынша – 12,57%
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12:10-да, 14:10-да, 16:10-да, 18:10-да және 20:10-да берілетін болады. Азаматтардың учаскелерге келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22:10-да беріледі.
19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.