Сарқан ауданында 112 жастағы Белдеубаиқызы Алтынхан апа саийлаудан тыс қалмай өз даусын берді. Сарқандық кейуана, жасы жүзден асқан Алтынхан апа ақ бастасын беріп, саийлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып, ел мен жердің тыныштығын тіледі.
«Мен өзімнің осы бір ғасырлық ғұмырымда баршылықты да, жоқшылықты да, жақсыны да жаманды да көрдім. Ендігі жерде осындай беийбіт күнді, берекелі өмірді бағалай білсек, ұрпақтарымыз өсіп-өніп, еліміз гүлдене берсе деп тілеймін. Жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан саийлаудан тыс қалған емеспін». — деді қарт ана. Айта кетсек, бүгінгі сайлауға Сарқан ауданы боийынша 26 мыңнан астам сайлаушы дауыс бермек.