Премьер-министр Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бүгінгі сайлауға 12 032 550 дауыс беруші тіркелді.
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 7 партия қатысады. Атап айтқанда: «Amanat» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, «Respublica» партиясы, «Қазақстан халық партиясы», «Байтақ» жасылдар партиясы, «Ақ жол» партиясы және «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы».
Мәжіліске барлығы 98 депутат сайланады. Оның 70 пайызы, яғни 69 орын пропорционалдық жүйемен 5 пайыздық межеден өткен саяси партиялардың тізімі бойынша сайланады. Ал қалған 30 пайыз, яғни 29 орын бір мандатты округтерден сайланатын депутаттарға беріледі.