Анкара, Ыстанбұл және Анталиядағы сайлау учаскелері Қазақстан азаматтары үшін жұмысын бастады деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Сондай-ақ Тегеран, Эр-Рияд, Джидда, Амман және Дохада сайлау учаскелері ашылды.
Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы басталды. Сайлаушылар тізімінде 12 миллион 32 мың 550 адам бар.
Кейбір елдердегі уақыт белдеуіне байланысты дауыс беру Қазақстанға қарағанда ерте басталды. Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.