Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылында сайлау учаскесіне бір әулеттің 30-дан астам жақын туыстары дауыс беруге келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үсен Құдайбергеновтің отбасы еліміздің солтүстігіне 10 жыл бұрын Өзбекстаннан көшіп келген. Сайлауға ауыл тұрғындары балаларымен ұлттық киімде келді.
«Біз үшін бұл өте маңызды күн. Біз мерекеге келгендей болдық. Мұнда күн салқын климат салқын болғанымен, біздің жүрегіміз жылы. Бұл біздің тарихи отанымыз және біз өте бақыттымыз. Біз Қазақстанның болашағына сенеміз», — деді отбасы өкілі Гүлжанат Төлебаева.
Қазір Қызылжар ауданында 62 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ауданның 31 579 тұрғыны сайлау құқығына ие.