Жетісулық «Гүлдерайым» әжелер ансамблінің ұжымы өз учаскелерінде дауыс беріп, сайлаушыларға арнап концерт ұйымдастырды. Өнер ұжымы Панфилов ауданы, Көктал ауылында құрылған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Біз үшін бүгін мереке. Сайлауда әдейі ауыл тұрғындарының көңілін көтерейік деп өзіміздің әндерімізді ұсынып жатырмыз. Жаңа Қазақстаннан күтер үмітіміз көп», — дейді ансамбль жетекшісі Жамал апа.
Аталған ансамбль ұжымы — ауылдың ұйықтысы. Олардың репертуарларында қазақтың халық әндері көп. Олар әрбір мерекелік шарада көптің көңілін көтеріп, өнерлерін паш етіп жүр. Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65 % бюллетень алса, соның ішінде Жетісу облысының көрсеткіші — 33,15%.