«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 2023 жылдың 19 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және маслихат депуттарының кезектен тыс сайлауы өткізілетін күні болып бекітілгені баршаңызға мәлім. Осы Жарлыққа сәйкес бүгін сайлау өткізіліп жатыр. Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сайлауға қатысып, азаматтық парызын орындауға міндетті. Пенжім ауылдық округіне қарасты 271 сайлау учаскесінде сайлау өз дәрежесінде өткізілуде, сайлаушылар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр» — дейді комиссия жетекшісі Әсем Нұрқамалқызы