Маңғыстау облысы Қарақия ауданының №148 сайлау учаскесінде дауыс берген 101 жастағы Ханым Сүйіндікова – ғасырдың жүзін көрген бақытты әже.
Ол қазақ даласын қара бұлт торлаған нәубет жылдарында қуғын-сүргін көрген, оның бері жағында ҰОС-ның азабын арқалаған батыр ана.
«Жасым жүзден асса да айналамда болып жатқан жаңалықтың бәрін естіп, біліп отырамын.
Сайлау деген – көптің таңдауы ғой. Көпшілік қатысқан шаруаның берекесі болады.
Мен бүгінгі сайлауда ұрпақ болашағы үшін дауыс бердім, елде оң өзгерістер көп болсын», — деді Ханым әже.
Әжеміз өзінің батасын берді және сайлау учаскесінің мүшелері дайындаған сый-сияпаттарын табыс етті.