Әлихан Смайылов мұны «мәжбүрлі шара» деп атады. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Әлихан Смайылов Қазақстанның арзан жанар-жағармайы көрші елдерге түрлі жолдармен экспортталатынын айтады.
Көрші елдердің бағасымен біздің баға арасындағы диспропорцияны төмендетпесе, Қазақстан биыл 850 мың тонна көлемінде дизель отыны тапшылығына тап болады.
?«Біздің арзан жанармай ұлттық мүддеміз үшін емес, көршілес елдердің экономикасы үшін жұмыс істейтіні белгілі болды», – деді Премьер-Министр.