ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн тонна шикі мұнай өнделеді.
Соңғы 5 жылда Біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін), дизельдік отынды — 30%-ға өсірдік (4 млн-нан 5,2 млн тоннаға дейін), — деп хабарлады Болат Ақшолақов.