Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Экологиялық кодексі талаптарының сақталуына мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижесінде мемлекеттік кірістер департаменті мен Жетісу облысы бойынша экология департаменті кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтыратын қолданыстағы заңнаманың талаптарын тиісінше қолданбайтынын анықталды.
Мониторинг шеңберінде Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін салық төлейтін 4633 оператор анықталды, оның ішінде 46 ШОБ субъектісі ІV санатқа жатқызылды. Алайда, ҚР Салық кодексіне сәйкес төлемақы төлеушілер ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған І, ІІ, ІІІ санаттағы операторлар болып табылады.
Облыстың МКД ІV санаттағы ШОБ субъектілері бойынша заңсыз есептеулерге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы хат жолданды.
Жетісу облысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін негізсіз салық төлеуден босату бөлігінде Бизнестің 46 адал субъектісінің құқықтары қорғалынды.