Бағыт-бағдар айқын. Елімізде саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы аясында жүзеге асырылуда. Бүгінде жаңа стратегияға сәйкес басты мемлекеттік институттарды кешенді түрде қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл қадам әр азаматтың әл-ауқатын арттыру және бүкіл елімізді өркендету жолындағы барлық іс-қимылды жандандыруға бағытталады.
Биылғы 19 наурызда өткен Мәжіліс және Мәслихат депутаттарының сайлауында халық қалаулыларының жаңа құрамы жасақталды. Осы құрамдағы азаматтарды қазіргі көтеріп отырған мәселелері өзекті болып табылады. Жай сөзді қозғап қана қоймай, мәселенің шешілуіне дейін жүгіретін азаматтарды көре алдым. Осы кезден бастап сол жасақталған құрамның қандай нәтижеге жететінін сырттан бақылап, жүргізген саясаттары оң шешімдерін тауып, елдің әлнуметтік тұрғыдан қандай да бір жыртықтарын жамап жатса, онда бұл нағыз Жаңа Қазақстанның көрінісі болмақ. Сол арқылы жаңарған мәслихаттар мен Парламенттің білікті, сапалық құрамына жол ашылды деп сенімді айта аламыз. Демек Жолдауда аманаттағандай, Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарады. Мұның өзі билікке бүкіл қоғамның талап–тілегін ескеретін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік бермек.
Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарады. Мұның өзі билікке бүкіл қоғамның талап–тілегін ескеретін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік бергендігіннің айқын көрінісі.
Жалпы Президенттің әр ЖОЛДАУЫНДА қоғамдық ойды серпілтіп, әлеумет санасын сергітер нақты бағдарлы тың бастамалар көп-ақ. Мемлекет басшысы өзі айтқандай, билік өзінің жоспарын қоғамнан жасырын ұстайтын саяси дәстүрден арылып келеді. Әр бастама азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуды және енді орнықты дамытуды көздейді. Бұл билік пен қоғам арасында ынтымақтастық мүдде мен өзара серіктестікті қалыптастырудың басты алғышарттары болмақ.
Т.ДЕРБІСАЛИН