Сенбі, 24 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жаркентке «Оқушылар сарайы» керек пе?

12 Мамыр, 2023
Жаркентке «Оқушылар сарайы» керек пе?
4
БӨЛІСУ
45
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Халқымыздың ежелден бері құлаққа сіңісті болған, бірақ кейінгі кезде жиі қолданылмай жүрген «Білім – инемен құдық қазғандай» деген мағынасы зор, тәрбиелік мәні үлкен, ұлағатқа шақыратын тәмсіл сөзі бар. Ақпараттар ағыны адамдар санасын еріксіз билеп, соларға тәуелділік артқаннан кейін күнделікті естіп, оқып, көріп отырған жаңалықтарды қабылдап, ой қорытуға да белгілі бір білім қажеттілігі туындайды. Ендігі мектеп бітіріп жатқан жастарға «алдыңда мың тарау жол жатыр, сол сенікі» деудің уақыты өткен. Қазіргі балаларды болашақтағы өмір жолына, яғни өзінің өміріне серік болатын таңдаған мамандығына балалар бақшасынан, мектеп қабырғасынан бейімдей бастауымыз керектігін уақыт ағзам дәлелдеп отыр.

Бұл мәселе әрине, педагогикада айтылмай, күнделікті, мерзімді баспасөз беттерінде жазылмай жүрген жоқ. Мұндай мәселелер әр тараптан көтерілсе де жеткілікті мән берілмей келеді. Халықтың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұратындықтан әрі аграрлық ел болғандықтан да біз болашақтағы елі мен жеріне қызмет ететін, салалық ғылымдарды дамытатын, келешектегі өндіріс саласының аяғынан тұруына өзіндік үлес қосатын ғалымдардың негізін ауылдық мектептерде қалауымыз керек. Қоғамдағы ақпараттардың сағат сайын жаңаруына байланысты технологиялардың дамуы оқушыларымыздың санасын, өздеріне беймәлім, өзгеріп отыратын кеңістікті игеруге жетелейді. Ғылым мен өндіріс саласына қажетті, шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті, т.б. мамандықтарды дамыту әрі қалыптастыру үшін алдымызда балаларымыз табан тірейтін тұғыр жасау міндеті тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесінде «…Бұдан бөлек балаларды мектеп жасынан бастап ғылымға, иновациялық ойлау әдісіне баулу аса маңызды» деген сөзі бәрімізге берілген нақты тапсырма деп түсінуіміз қажет. Ол үшін не істеу керек деген сұрақ туындамаса бұл белгілі бір нәтижеге жеткізе қоймайды. Ауылдағы мектептерде қазіргі заманғы жаһандағы ғылымның кез-келген саласына жастайынан бейім балалар бар. Тек сондай алғыр балаларды тауып, ғылымға қарай икемдеп, бағыт-бағдар беру жағы жетіспей жатады. Атақты педагогтың бірі баланың жас кезіндегі кез-келген дүниені тез қабылдайтын қасиеті жөнінде былай деген-ді: «Бала – балқытылған алтын, одан қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында». Олай болса заманауи ғылымға, өндірісте қызмет етуге үйретуді бала жасынан үйретуіміз осы бағытты дамытуға әкеліп тұр.

Қазіргі күні ауданымыздағы мектептерде жүргізілетін 808 түрлі ақысыз үйірмелерге 15 778 оқушы балалар тартылған. Мектеп мұғалімдері олармен арнайы жасалып бекітілген бағдарлама бойынша күнделікті жұмыс жоспарымен жаңалықтарды енгізе отырып жұмыс жасайды. Бірақ бұған сене аламыз ба? Мектептердегі жан-жақты тәрбие беретін әртүрлі саланы қамтып, оқушылардың сабақтан кейінгі бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өзінің қарым-қабілетін ұштайтын үйірмелер мен факультативтік сағаттарды қысқартып тастаған бұрынғы Білім және ғылым министірлігінің кемшілігінен біздер көп нәрсе жоғалттық. Өйткені ақысыз үйірме жүргізілген соң ол жерден толыққанды нәтижеге жетуді әрі қазіргі күнге лайықты жаңалықтарды көп күте алмайсыз. Сан түрлі тақырыптарды қамтитын тәрбиелік мәні үлкен, рухани құндылықтарды оқушы бойына шым-шымдап сіңіретін үйірме сағаттары мен факультативтік сабақтардың оқу жүктемесінен алынып тасталынуы тәрбие жұмысының ақсауына, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың жиілеуіне әкеледі. Сонымен қатар мектептердегі материалдық-техникалық базаның жеткілікті болмауы да мұғалімдерге өз тарапынан озық технологияларды пайдаланып, бүгінгі заманға қажетті мамандықтарға баулуға үлкен қолбайлау екені жасырын емес.

Елімізде халық санының жылдан-жылға өсуі мектептердегі оқушылар санының артуына әкеліп отыр. Әрине бұл өте қуанарлық жағдай. Қазақстандағы халық санының өсуі жаңа жұмыс орындарын игеруге, қазіргі заманғы өндіріс орындарының ашылуына, экономикалық әл-қуаттымыздың артуына әкеледі. Дегенмен де, оқушылар санының өсуі осыдан көп жылдар бұрын салынып, тек оқыту құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған жаратылыстану кабинеттерімен және бір немесе екі оқу-үйрену шеберханаларымен ғана шектелген мектептердің жағдайы бұған жауап бермейді. Олар қазіргі күнгі қолындағы смартфондарымен желідегі жаңалықтарды, өзге де ақпараттарды ғаламтордан оқып-біліп отырған оқушылардың сұранысын қанағаттандыра қоймайды. Айтар болсақ оқушыларға пайдалы үйірмелерді толыққанды сипатта өткізіп, кеңінен техникалық модельдеу, құрастырмалы істермен, қол еңбегімен айналысуына оқушы санының тығыздығынан, класс-кабинеттердің жетіспеушілігі де қатты әсер етеді. Ал бұл болса, өз кезегінде балалардың сабақтан кейінгі бос уақытын тек спорттық ойындармен, ұлттық қолданбалы өнермен ғана айналысуына әкеледі. Дамыған елдермен тереземіз тең, экономикамыз қарқынды дамуына ықпал ететін қазіргі заманның жаңашыл кәсіби маманын дайындау үшін ауданымызда «Оқушылар сарайының» салынуы өте құптарлық іс болар еді. Алматы қаласындағы Оқушылар сарайын мысалға алып қарасаңыз, ондағы істейтін үйірмелерге қаланың түкпір-түкпірінен ата-аналары балаларын тізімге тіркетіп, жол қиындығына қарамай алып келіп қатыстырады. Мамандық алуға құштар оқушылар ағылып келіп, әркім өзінің сүйікті ісімен айналысып жатады. Кәсіби мамандар, шеберлер оқушыларға 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді екен. Ол бағыттар еліміздегі ғылыми-техникалық, ұлттық қолданбалы өнер, спорт және туризм, балалар бастамасы, көркемөнер салаларын қамти отырып оқушыларды әр кәсіпке баулиды. Ақылы негізде болса да 133 мың халқы бар, 26 548 оқушысы бар аудан да оқушылардың талап-тілегін қанағаттандыратын, болашақтағы бағытын анықтауға ықпал ететін Оқушылар сарайын салып, ғылыми, техникалық, технологиялық, ақпараттық, т.б. саладағы үйірмелер ашуға толық мүмкіндік бар сияқты.

Жаңашылдық көшінен қалмай, ғылым жетістіктерін пайдалана отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, әртүрлі техникалық үйірмелер: роботты техника, авиамодельдеу, техникалық модельдеу саласындағы ізденістерді дамыта қолға алу бізге де қажет-ақ. Бастамасы да жоқ емес. Аудандағы 50 орта мектептің жетеуінде ІТ (айти) және робототехника сыныптары ашылып, оларға арнайы роботохеникалық кабинет берілген. Бейімді оқушыларға бағыт-бағдар беріп, электрониканың қыр-сырын тиянақты үйретіп жүрген мұғалімдердің атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесі де көрінуде. «Robotek Grand Tournament» атауымен Робототехникадан өткен республикалық турнирдің облыстық кезеңіне қатысқан Жаркент қаласындағы Еңбекші орта мектебінің 10 сынып оқушылары Шамиев Ринат пен Маркижанов Шахмурат жүлделі екінші орын алды. «Alpha» тобын дайындаған информатика пәнінің мұғалімі П.Масимовтың еңбегі зор. Осы жоғарыдағы мектептің аттары аталған екі оқушысы облыстық «Айбын» әскери-патриоттық ойынына қатысып, «Үздік робот» номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынды және 50 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды. Жетекшісі Д.Ағыбаевтың осы оқушыларды жарысқа робототехника бойынша талапқа сай етіп дайындап апарғандығын айту парыз. Мектепке алынған робототехникалық кабинетті өз мақсатына тиімді пайдалануды талап етіп, нәтижелі білімге бағыттап отырған мектеп директоры Ғ.Рысбаевты да атап өтуге болады.

Мұғалім қашанда ыждағаттылықпен жұмыс істесе нәтижені оқушылар көрсетеді. Аталған жұмыстарды жолға қойып, одан әрі дамыта алып кету үшін лайықты жабдықталған орталық пен сол саланы жақсы меңгерген маман болуы да қажет. Робототехникалық сыныптар ашылған басқа мектептерде де осындай жаңашыл жұмыстар жүргізіліп жатқан болар. Біз бірте-бірте Президентіміз айтқандай «Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдер қатарында болу» деген үдеге ұмтылғанымыз жөн. Сондықтан да айтылған кедергілерді жойып, балаларымыздың бойындағы әр кәсіпке құштарлығын ұштау үшін бізге заман талабына сай, жаңа, алдыңғы қатарлы технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген «Оқушылар сарайын» тұрғызу қажеттілігі туындайды. Ол жерде дарынды балаларды ауыл мектептерінен іріктеп әкеліп, мектеп-интернат арқылы оқытуға, баулуға тәжірибелі мұғалімдерді, шеберлерді қабылдап, жас ғалымдарды тәрбиелеп шығару мүмкіндігі туады. Бұл атқарылатын әрекеттер аудандағы мектеп оқушыларының арасында білім бәсекелестігін туғызып, өз тарапынан оқу сапасының көтерілуіне, мектептердегі тәрбие жұмыстарының нәтижелі болуына ықпал етеді.

Молот СОЛТАНАЕВ

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Ислам-Ғали ҮРКІМБАЙҰЛЫ: А М А Н А Т

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейік

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
663
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.