Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс. Біз «азамат-бизнес-мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз», — деп атап көрсетуінің өзі ендігі кезекте тәуелсіз елдің экономикасын заман талабына сай дамытумен бірге жоғарыда көрсетілген үштік арақатынаста дамуға тең мүмкіндік жасай отырып, әділдік орнататыны және қоғамның дамуын қамтамасыз ететін қызметтің деңгейінің жоғары болуына кепілдік беретіні жайлы атап өткені Жолдаудың атына сай болып тұрғанын көрсетеді.
Бүкіл халқымыз игілігін көрер жан-жақты өркениетті өркендеудің және болашағымыздың жарқын болатынына сенімім зор.
Амантай Раев,
«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Мейірім»
Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры