Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының Заң мен тәртіп атты бесінші бағдарында: «Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді»,- деп атап көрсетуін бүкіл халық қолдайды деп ойлаймын.
Себебі тұрмыстық-зорлық зомбылықтың салдарынан мемлекетіміздің іргетасы болып саналатын отбасындағы нәзік жандылар мен балалардың тағдырлары ойран болып, кейде қайғылы жағдайлармен аяқталып жатқанын БАҚ-нан, әлеуметтік желілерден біліп, кейде өзіміз де көзбен көріп жүрміз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе есірген есерсоқтардан жәбір көріп, жапа шекен азаматтарымыздың құқық сенімді қорғауға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін.
Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,
заңгер, журналист