Президент Жолдауындағы Қазақстанда өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің 70 пайызын алдағы үш жылда өңдеп ұқсатып сатуға қол жеткізу керек деген тапсырмасы өте орынды бастама. Шынында да біздің мемлекет қашанғы шетке шикізат сататып, егінші мен малшысының маңдай тері сор болып сорғалайды.
«Ұқсата білген ұтады»,-демекші, ұланғайыр даламызда өскен бидайымызды ең болмағанда өз жерімізде ұнға айналдырып, астықтан тапшылық тартып отырған елдерге саудаласақ сәл де болса қымбатқа тоқтамай ма. Малымыздың етін, сүтін, жүні мен терісін ұқсатып сатудың заманы туады деген үміттеміз. Ауыл адамдары өндірген өнім нарықта қаншалықты қымбатқа бағаланса дала өндірісі өркендеумен қатар оның майталмандарының да тұрмыс тіршілігі жақсармақ. Тек оларды арада жүрген арамтамақ делдалдардан құтқару шарт.
Жалпы бұл жолғы Жолдауда қарапайым халыққа қолдау болар бастамалар мен ел экономикасын көтерудің нақты тетіктері қарастырылған.Үкімет өзіне жүктелген үлкен істерді жүзеге асырады деген үміт зор.
Мырзағали Нұрсейіт,
Панфилов ауданының Құрметті азаматы