1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өз тәуезсіздігін жариялады. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң күшіне енді. Заң Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 25 қазанында қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қағидалары негізінде әзірленді.
Қазақстанның тәуелсіздігі мемлекет үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл халық үшін де маңызды мерекелердің бірі болып табылады. 1990 жылы республика тәуелсіздік құқығын қалпына келтірді.
Бүгінде Қазақстан – бір үлкен отбаға ұқсас іргесі берік мемлекет. Оның аумағында мемлекет құрушы қазақ халқы мен әртүрлі ұлыстардан құралған 20 миллион халық тұрады.