Жексенбі, 8 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Ұйымдастыру – ұтымды істердің тетігі

1 Наурыз, 2024
Ұйымдастыру – ұтымды істердің тетігі
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Аудан әкімінің аппараты – аудандық әкімдіктің  күллі іс-әрекетінің үйлестірушісі. Бұл – бұрыннан белгілі үрдіс. Дегенмен, Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  дәл қазіргідей  «Жаңа, әділетті Қазақстанды» қалыптастыру жолында мемлекеттік қызметшілердің алдына қойған міндеттеріне сәйкес оның бағыты жаңаша, тың бағдарға бет түзегені анық. Біз де осы орайдағы жұмысымыздың жауапкершілігін жете түсіне отырып бар күш-жігерімізді жұмсап, қызмет етуге тырысудамыз.

Жалпы, бүгінгі таңда Панфилов ауданында штат бойынша мемлекеттік қызметші  саны – 173 адам. Алайда,  6 вакант бар, мемлекеттік қызметте 87 ер, 80 әйел қызмет жасайды. Оның ішінде 155-сі жоғарғы білімді, 12-і арнаулы орта білімді. Жыл басынан бері ішкі конкурс, жалпы конкурс және конкурстан тыс тағайындаулар бойынша 44 мемлекеттік қызметші әр түрлі лауазымдарға орналастырылды.

ҚР мемлекеттік қызметшілерінің  жаңа Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша 20 адамға жеке консультациялық көмек көрсетілді. Олардың бесеуі – мемлекеттік қызметші, он бесі – жеке тұлға.

Ауданда кіріс және шығыс құжаттарының бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесінде жүргізілуі 98 пайызды құрайды. Аудан әкімдігінің 3 отырысы өтті. Отырыстардан соң материалдары толықтырылып, хаттамалары жасалды. Өткен жылдың төртінші тоқсанында аудан әкімінің 11 аппараттық кеңесі өткізіліп, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттар жинақталып, аудан әкіміне ұсынылды.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына 70 аудан тұрғыны алдын-ала жазылған болатын.  Олардың мәселесіне қатысты мекеме басшылары шақырылып, қабылдау кезінде берілген тапсырмалар жазылып, орындаушыларға таратылды. Сонымен қатар 20 адам жеке қабылдауында болып, көтерілген сұрақтар бойынша заң аясында тиісті жауаптар берілді. 2023 жылы  азаматтардан мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз өтініштер түскен жоқ.

Әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметке қатысты заңнама аясында 5 материал жарық көрді. Сонымен қатар 14 ауылдық округ пен 7 бөлімге заңнамаларды түсіндіру жұмыстары және методикалық көмек тұрақты түрде көрсетіледі.

Сондай-ақ, өткен жылдың төртінші тоқсаны бойынша қайта даярлаудан 3 мемлекеттік қызметші, біліктілігін арттырудан 20 қызметкер өтіп, 10 қызметкер жоспардан тыс оқумен қамтылды.

 Салықтық және статистикалық есептер (1-Т, 1-ТП, негізгі құралдар есебі) өз уақытында дайындалып өткізіліп тұрады. Іссапар және бензин шығындары есептеліп, баланстар қорытындысына сәйкес есеп шоттар бойынша төлемдер жасалады. Негізгі қорлар есепке алынып, олардың тозу мөлшерін есептеу арқылы қорытынды жинақ жасалады. Материалдық құндылықтар қозғалысы, актив қозғалысы туралы есеп те өз мерзімінде  әзірленеді. Негізгі құралдар тіркеліп,  баланстық есеп бойынша журналдар, инвентарлық карточкалар, айналымдық тізімдемелер жүргізіледі. Мүлік пен материалдарды қабылдау, тапсыру, есептен шығару талапқа сәйкес жүргізіледі. Ашық бюджет және азаматтық бюджет порталына бюджеттік өзгерістер уақтылы енгізіледі. 2024 жылға қаржыландыру жоспары 1С бағдарламасына енгізіліп, жасалды. Өткен жылдың төртінші тоқсаны қаржысының төлем шоттары Қазынашылық клиент бағдарламасында игеріліп, орындалды.

Қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметтердің сапасын дамыту, электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау мен мүгедектерге арналған «Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері» аудан бойынша өткізіліп, хаттама толтырылды. Мемлекеттік корпорация филиалдарымен және мемлекеттік қызметтерді көрсетушілермен бірлесе электрондық мемлекеттік қызметтердің маңыздылығы бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша дөңгелек үстелдер мен кездесулер 18 мәрте өткізіліп, хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар ауданда мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердегі E-gov өзіне-өзі қызмет көрсететін бұрыштары (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, E-gov  арқылы қызмет алу үшін картриждер, принтер, компьютер) жасақталып, аталған бұрыштар арқылы барлығы 3607 қызмет жүзеге асырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша құрылған талдау тобының мақсаты ауданда қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау және қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Осы талдау тобы үш мекемеге талдау жүргізіп, он алты ұсыныс жасады.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын артыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту, азаматтардың құқықтары мен электонды мемлекеттік қызметтерді алу барысын түсіндіруге қатысты ауданда  638 адамға кітапшалар таратылды.  «Жаркент өңірі» газетінде 2 мақала жарияланды.

Аудан бойынша екі мекемеге бақылау іс-шарасы жоспарланып, ол толығымен нақты орындалды. Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау шараларын өткізу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өткен  жылдың төртінші тоқсанында аудан әкімдігінің 116 қаулысы, аудан әкімінің 16 өкімі, 14 шешімі тіркеліп, тиісті мекемелерге таратылды. Жоғарғы органдардың қаулы, шешім, өкімдері бақылауға алынып, ай сайын орындаушыларға ескерту таратылып, орындалуы бақыланып отырады.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бағыты бойынша мұндай жұмыстардың талапқа сай болуы бұдан былай да басты назарда ұсталады.

 Ербол СҚАҚОВ,

 аудан әкімі аппаратының басшысы

Алдыңғы мақала

Миллионер қайыршы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Федерация президенті сайланады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
711
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.