28 сәуірде жаңа OMODA C7 кроссовері Бейжің халықаралық көрмесінде алғаш рет таныстырылды. Ал 25 сәуірде көрменің ашылу салтанатында өндірушілер JAECOO J7 PHEV және J8 PHEV жаңа гибридтерін таныстырды.
OMODA C7
Өткен жылы танымал футуристік OMODA C5 кроссоверін шығарғаннан кейін өндіруші әлемдік нарыққа эволюциялық OMODA C7 таныстырды. Бұл инновациялық технологиялар мен дизайн саласындағы серпіліс болатыны сөзсіз.
OMODA C7 жол талғамайтын көліктердің эстетикалық стандарттарын өзгертетін авангардтық үлгі болатыны сөзсіз. C5-пен салыстырғанда жаңа модель көлемі жағынан үлкенірек. Сәнді дизайнымен қатар, OMODA C7 ұтқырлықтың жаңа дәуірін білдіретін интеллектуалды драйвер көмекшілерінің жетілдірілген жиынтығымен бірге келеді.
Өндірушінің айтуынша, OMODA C7 неғұрлым беделді класс қатарында әрі бренд философиясының жаңа мұрагері болады. Ал оның футуристік дизайны күрделі эстетикамен және ерекше стилімен ерекшеленеді. OMODA C7 пайда болуы прогресті білдіреді және жақсырақ интеллектуалды көмекшілер автомобиль өнеркәсібінде жаңа стандарттарды белгілейді.
JAECOO J7 PHEV және JAECOO J8 PHEV
J7-нің әлемдік нарықтағы жетістігі JAECOO-ның жол талғамайтын көліктердің дәстүрлі стандарттарын өзгерту қабілетін дәлелдеді. Бүгінгі таңда JAECOO экологиялық тазалық пен энергияны үнемдеудегі жаһандық трендтерге сүйене отырып, J7 PHEV және J8 PHEV жаңа гибридті үлгілерін жасап шығарды. Бұл брендтің жол талғамайтын әлеуеті жоғары экологиялық таза кроссоверлерді жасаудағы табысын нығайтады.
Сәнді JAECOO J7 PHEV кроссовері толық жетекті интеллектуалды жүйе (ARDIS) негізінде әзірленеді. Мұнда қуатқа, әр түрлі энергия үнемдеу режимдеріне, қауіпсіздікке, интеллектуалды технологияларға және жол талғамайтын жағдайларда барынша жайлылыққа ерекше көңіл бөлінеді.
JAECOO J8 PHEV – TORQUE VECTORING толық жетекті инновациялық жүйесіне негізделген үшінші буындағы гибридті жол талғамайтын көлік. Ол көліктің жол талғамайтын әлеуетін айтарлықтай арттырады, жүріп өту мүмкіндігін ғана емес, бұрылыс кезінде тұрақтылықты да жақсартады.
Қазақстандағы OMODA&JAECOO дистрибуцияның басшысы Никита Кормышев:
«Өткен жылы жарық көрген OMODA және JAECOO брендтері нарықта сәтті дебют жасады. 2023 жылы экспорт көрсеткіші 40 ел бойынша 160 000-нан астам автокөлікті құрады. Мұның басты сыры — OMODA&JAECOO технологиясының үлгісі. OMODA автокөліктері футуристік дизайнымен ғана емес, сонымен қатар жас жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде өзін жайлы және қауіпсіз сезінуге мүмкіндік беретін инновациялық интеллектуалды көмекшілерімен де танымал. Ал JAECOO нарықтағы пайда болуымен заманауи жол талғамайтын көліктердің стандарттарын өзгертті. Экологиялық тазалық пен энергияны үнемдеудегі жаһандық трендтерден кейін бренд технология мен инновацияларға басымдық беруді жалғастыруда. Жаңа OMODA C7 және JAECOO J7 PHEV және J8 PHEV гибридті үлгілері тұрақтылық пен серпінді инновацияның үлгісі болып табылады. Бұл жаңа өнімдер бүкіл әлемді жаулап, қазақстандықтардың ерекше талғамын қанағаттандырады деп сенімдіміз»