Сәрсенбі, 4 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Мамандар шетелге шыққанда түрлі аурулардан сақ болуды ескертеді

27 Мамыр, 2024
Мамандар шетелге шыққанда түрлі аурулардан сақ болуды ескертеді
1
БӨЛІСУ
9
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жазғы демалыстың жақындауымен шет елдерге туристік сапарлармен барушылар саны артады. Сонымен қатар қажылыққа бару маусым айынан бастап жоспарланған. Осы тұста шетелге шыққанда инфекциялық аурулардан сақтану шаралары туралы облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова мен Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының директоры Даулет Қазыкенов БАҚ өкілдерімеен кездесуде баяндады.
Әлемнің әртүрлі елдерінде адам денсаулығына елеулі қауіп төндіретін жұқпалы және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі бар. Қазіргі уақытта әлемде оба, тырысқақ, сібір жарасы, туляремия, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы, Ласса, Денге, Сары қызба, хантавируста, маймыл шешегі, коронавирустық инфекция, менингококк инфекциясы сияқты қауіпті аурулар тіркелуде.
«Саяхатқа шықпас бұрын, климатқа, тамақтану жағдайларына, мәдени демалыстың ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір елге шығуға денсаулығыңыздың жағдайы қаншалықты мүмкіндік беретінін қарастырған жөн. Сондықтан сапар алдында сапарды ұйымдастыратын туристік фирмада нұсқаулықтан өтіп, елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы, жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпарат алу қажет», — дейді департамент басшысының орынбасары.
Ауа райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала егілген жөн. Мәселен, тропикалық елдерге баратындарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы, Африка мен Латын Америкасына барар алдында сары қызбаға қарсы міндетті түрде егілу керек. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс. Ал, Меккеге қажылыққа баратындарға менингококқа қарсы егіліп алған жөн.
Мамандар егер саяхат кезінде немесе қайтып келгеннен кейін сізді қандай да бір дерт мазаласа дәрігерге жүгініп, тексерілу керектігін ескертеді.
Биыл елімізден Сауд Арабиясына 5081 адам үлкен қажылыққа барғалы отыр. Осы тұста, ниет еткен азаматтарға ҚМДБ Жетісу облысы бойынша өкілдігінің мешіттерінде өтетін жұма намазы және тағы басқа жамағат жиналатын іс-шараларда жеке қауіпсіздік, санитарлық нормаларды сақтау талабы, қажетті вакцинация алу сынды шарттары ескертілуде.
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талабына сәйкес, қажылыққа баруға өтініш білдірген Қазақстан азаматтарының менингокок инфекциясына қарсы екпе салдыруы міндеттелген. Бүгінде Жетісу облысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тарапынан қойылған талаптар орындалып, қажылыққа баратын азаматтар Алматы қаласындағы 3 екпе пункттерінен вакцина алғандығы жөнінде сертификат алғандығын және жалған вакцина паспортын рәсімдеу фактісінің орын алмағандығын мәлімдейміз», — дейді Даулет Серікұлы.

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында құрылыс жұмыстарының сапасына 24 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
707
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.