Жұма, 9 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы

27 Мамыр, 2024
Музей – өлкенің тарихы, халықтың қазынасы
3
БӨЛІСУ
43
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Музей ел тарихы, ұлттың мәдениетінен хабар беретін тарихтың қайнар көзі. Музейде сақталған әрбір құндылықтан жеке мұра тарихын ғана емес, сол мұраға байланысты кезеңді, мәдени халықтың деңгейін, тарихын көруге болады.

Музей туралы ұғым осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған деген болжам бар. Көне гректер муза шырақтарын жағатын орынды мусейон деп атап, келе-келе ол әдебиетшілер мен ғұламалар бас қосатын өнер ошағына айналған дейді. Ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде музей өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді. Дамыған елдерде музей мемлекеттің басты құндылықтарына кіреді. Өйткені, сол елге сапарлап барған көкірегі ояу, көзі ашық жолаушы музейге соқпай кетпейді.

Өркениетті мемлекеттердің көбі өз музейлерінің сән-салтанатын арттыру арқылы әлемге есіктерін айқара ашып отыр. Расында да, музей ұлттық мәдениеттің кірер есігі, қара шаңырағы іспетті. Көне жәдігерлер мекенінің босағасынан қарапайым адамнан бастап, лауазымды тұлғалар болсын, мемлекет басшылары немесе шетелдік қонақтар елдің, халықтың бай құнарлы мәдениеті жөнінде түсінік алады.

Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі — мәдениет. Жалпы музейлердің алдына қойған мақсаты, олардың жүргізілетін іс-шаралары, ғылыми-ағарту, тәрбиелік бағытының дұрыс маңызды мәселе болып табылады. Музей зерттеуінің негізгі бағыттары музейлік мұраларды жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру, консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін топтастыру болып табылады.

Музейдің негізгі құндылықтары — оның коллекциясы. Коллекцияны толықтырудың екі жолы бар: біріншісі — экспедиция, екіншісі — сатып алу. Коллекцияны жинаудың осы екі жолы да мемлекет тарапынан ақша бөліну арқылы іске асырылады. Қор комиссиясы қорда жоқ, қажетті, сирек кездесетін дүниелерді сатып алып отырады.

Бірегей заттарға қорда жоқ заттар мен мемориалдық жәдігерлер, яғни, белгілі қоғам қайраткерінің ұстаған заттары, мәдениет пен өнерге қатысты дүниелер жатады. Сонымен бірге жеке-дара заттар мен ерекше тарихи-көркемдік құнды, сондай-ақ, саны бір дана болып шектеліп шығарылған заттар бірегей болып есептеледі.

«Сіздің артыңызда қалдырған мұраңыз — жинаған байлығыңыз, жай ғана құндылықтар емес, жақсы өткізген өміріңіз. Құндылықтар – адамдардың не үшін өмір сүретінінің белгісі» деген екен Т.Джефферсон. Олай болса, музей мен ондағы толықтыру қорына жинақталған құндылықтарды зерттеп-зерделеу барлығымыздың міндетіміз.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселердің бірі, қоғамдағы руханият тапшылығы. Туризм, соның ішінде мәдени туризм, осы тапшылықтың орнын толтыруға бағытталады және бұл жерде музейлердің рөлі басым болмақ. Осыған байланысты бүгінгі таңда қоғамды рухани дамыту үшін мәдени туризмді дамыту өте қажет. Ол дегеніміз — барған жердің мәдени ортасымен, ландшафтымен, тұрғындардың салт-дәстүрімен, көркем мәдениетімен және өнерімен, түрлі нысандарымен танысып, бос уақытын тиімді өткізуді көздейтін туризмнің бір түрі. Мәдени туризм мәдени іс-шаралар, мұражайлар, тарихи-мәдени мұра нысандарына бару, жергілікті халықпен кездесуді қамтиды. «Мәдени туризм» термині жақында ғана — XX ғасырдың 80-ші жылдарында пайда болса, бүгінде одан бастау алған дербес бағыт — «музей туризмі» кеңінен таралуда.

Музей туризмін дамытуға «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейінде негіз баршылық, мүмкіндігі де толық жетеді. Мәселен, 19-ғасырдан сақталған сәулет ескерткіші көпшіліктің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Бұл ғимараттың ерекшелігі мен қараса көз тоярлық өрнектері келушілер назарын өзіне аударары сөзсіз. Алғашында мешіт болып салынып, 1978  жылы музей негізінде жандадырылған мешіт ғимаратында тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар жөнінде және басқа тақырыптарда бейнефильмдер түсірілуде. Еліміздің түрлі телерадио арналарының режиссерлары музей жайлы, өлкеміздің халқы туралы материалдар жинақтап, жариялауда.

Музей — тәрбиелік мәні бар мәдени орын болып табылады, сол себепті де мұнда түрлі бағыттағы, түрлі аудиторияға арналған шаралар өткізу дәстүрге айналған.

Рахимгалиева Көркем Мейрамқулқызы,

«Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер

музейінің қор сақтаушысы

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Мамандар шетелге шыққанда түрлі аурулардан сақ болуды ескертеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Anadolu Efes — баскетболдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымының титулдық демеушісі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
652
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.