Бейсенбі, 26 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр

14 Маусым, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтіп жатыр
2
БӨЛІСУ
20
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

✔️ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті.

✔️ Аталған бастаманы қолдау мақсатында апта сайын «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атты шаралар ұйымдастырылып, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитариялық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша акцияға 2,4 миллионға жуық адам, соның ішінде еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Жүздеген мың аула мен 20 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазартылды, 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, шамамен 2,5 миллион көшет отырғызылды. 4,6 мыңнан астам қоғамдық орындар, саябақтар, шағын бақтар абаттандырылды. Шамамен 300 мың шаршы метр көше-жол жабыны (плитка, кеспе тас және т.б.) жөнделді және ауыстырылды. 5 мыңнан астам тарихи-мәдени нысан және 758 субұрқақ ретке келтірілді.

✔️ Сонымен қатар өзендер мен көлдердің және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 миллион шаршы метрден астам аумақ, 8,4 миллион метрден астам арық тазартылды.

✔️ Аталған іс-шараға 40 мыңнан астам арнайы техника тартылды.

✔️ Сонымен қатар су деңгейі төмендеп, қауіп-қатердің азаюына байланысты су тасқыны болған өңірлердің әкімдіктері биылғы маусым айынан бастап республикалық экологиялық акцияға қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

❗️Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Халық арасында экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Құжат биылғы 1 қыркүйекке дейін дайындалады. Бекітілген тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін әкімдіктер алдағы 5 жылға арналған тиісті өңірлік жоспар қабылдайды.

t.me/aqorda_resmi

Алдыңғы мақала

Түрік суретшілерінің туындылары қойылған «Цикл: Қазіргі заманды зерттеу» көрмесі ашылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметіне 7 мыңнан астам азамат жүгінген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
722
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
672
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
599
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.