1-ші қыркүйектен бастап елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Тұрғындар медициналық қызмет алу үшін емхананы өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар. Науқан 1-ші қарашаға дейін жалғаспақ.
Азаматтар өз аумағындағы медициналық мекемеден бөлек, өзі қалаған мемлекеттік және жекеменшік емханаларға да тіркеле алады. Тіркелу екі әдіспен жүзеге асады: Бірінші, азаматтар жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен Egov электронды веб-порталы арқылы тіркеле алады. Ал екінші әдіс бойынша кез-келген азамат өзі таңдаған емханаға барып тіркеледі. Бұл ретте, облыстағы барлық мед-ұйым азаматтарды қабылдауға әзір.
Атап айтсақ, облыста жалпы саны 354 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның 307-сі – мемлекеттік, 47-сі жеке. Талдықорған қаласы бойынша халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті облыс аудандарында 2 мемлекеттік және 2 жеке емхана көрсетеді.
Айта кетейік, науқан кезінде барлығына бірдей емхана ауыстыру міндетті емес. Азаматтар өз клиникасының қызметіне көңілі толса ары қарай пайдалана беруге болады.