Биыл қала күнін тойлау Талдықорған қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әр жыл сайын бұл мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Мерекелік іс-шаралар айдың басынан, соңына дейін созылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын спорттық ойындар, концерттер, қойылым, эстафеталар және басқа да көптеген маңызды оқиғалардың куәсі бола алады.
Қонақтарды қала күнін мерекелеудің ауқымды бағдарламасы күтіп тұр.
13 қыркүйек, сағат 11:00 де Жастарға қызмет көрсету орталығында «Әйел әлемі сұлулық мекені»атты ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған іс-шара өтеді.
14 қыркүйек, сағат 19:00 де «Жастар» саябағында «Miss Taldyqorgan 2024» байқауының финалы.
14-15 қыркүйек, сағат 10:00 де «Жастар» спорт кешенінде «Taldyqorgan cup» қала әкімінің кубогі үшін ашық турнир.
20 қыркүйек, сағат 19:00 «Жастар» саябағында, «Әлемді тербеткен әуендер» атты Д.Ракишев атындағы облыстық филармония симфониялық оркестрінің концерті өтеді.
21 қыркүйек, сағат 19:00 де қаланың орталық көшелерінде «Кешкі Веложарыс» өтеді.
21 қыркүйек, сағат 19:30 да Орталық алаңда «Хиты 80-х» рэтро концерті өтеді.
27 қыркүйек, сағат 19:00 «Жастар» саябағында «Жетісу –жерұйық мекенім» атты Қазақстан эстрада және Жетісу өңірі жұлдыздарының мерекеік концерті өтеді.
28 қыркүйек, сағат 12:00-17:00 де «Жастар» саябағының бас сахнасында Оқушылар сарайы өнерпаздарының қойылымдары, Балалар ойын-сауық байқаулары, «Жалпы театрдың» балаларға арналған қойылымы, «Умберто» музыкалық ұжымының қойылымы өтеді. Сондай-ақ, Ұлттых сахнада Н.Тілендиев және Өнер мектептері тәрбиленушілерінің қойылымдары сахналанды. Қолөнер шеберлерімен қолөнер өнімдерінің жәрмеңкесі. Әуе шарымен көкке көтерілу.
Кешке «Жастар» саябағында «Қалаға сыйлық» — вальс 80 жұп, жарық шоу, Иллюзионистің орындауы, от шоуы, Қазақ эстрадасының жұлдыздары Kalifarniya, Say Mo, Umberto келіп өнер көрсетеді.