Жұма, 20 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында ұлттық жобаның арқасында 59 жаңа медициналық нысан іске қосылады

30 Қыркүйек, 2024
Жетісу облысында ұлттық жобаның арқасында 59 жаңа медициналық нысан іске қосылады
2
БӨЛІСУ
24
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақсу, Алакөл, Сарқан, Ескелді, Көксу, Қаратал, Кербұлақ аудандардағы және Панфилов шекара маңындағы 15 дәрігерлік амбулаторияны, 39 фельдшерлік-акушерлік және 5 медициналық пунктті қоса алғанда 59 нысанның құрылысы басталды. Жалпы өңірде қабылданған шаралардың арқасында соңғы 2 жылда денсаулық сақтау нысандарын жаңарту деңгейі 50% -дан асты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір ғана шалғай Алакөл ауданында ұлттық жоба аясында 9 заманауи денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталды. Бұл Екпінді, Жайпақ, Бескөл ауылдарындағы 3 дәрігерлік амбулатория және Жанама, Сапақ, Үшбұлақ, Қызылқайың, Қайнар және Ақжар ауылдарындағы 6 фельдшерлік-акушерлік пункт.

Осылайша, Ақжар ауылындағы ФАП-тың дайындық дәрежесі шамамен 40% -ды құрайды.

Мердігер ұйым өкілі Құрбанәлі Омаровтың айтуынша, құрылыс жұмыстары тамыз айының басында басталған.

 — Біздің міндетіміз — нысан салу, іргелес аумақты абаттандыру, қоршау орнату. Сондай-ақ, біз 35 млн. теңгеге жуық сомаға заманауи медициналық жабдықтар сатып алуға өтінім бердік. Яғни біз нысанды дайын күйде тапсырамыз. Шеттен келген мамандардан басқа 10 жергілікті тұрғын тартылған, барлық қажетті техника бар. Яғни, бізде мерзімінде орындауға барлық мүмкіндік бар, — деп атап өтті Қ.Омаров.

Ақжар ауылында 1500 адам тұрады. Салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт 60 жылдары салынған бейімделген ғимаратта орналасқан ескірген медициналық пункттің орнына салынады.

— Ауылдағы медпункт ескірген және нормалар мен талаптарға сәйкес келмейді, қыста медпункт салқын болады. Сондықтан да ауыл тұрғындары өздерінде заманауи денсаулық сақтау мекемесінің пайда болуына, яғни медициналық қызмет көрсету сапасының артуына өте қуанышты. Шілде айында біздің ауылдық округтің Қоңыр ауылында блокты-модульді медициналық пункт іске қосылғандығын атап өткім келеді. Өткен жылы мұнда мектеп жөнделіп, 150 орындық жаңа мәдениет үйі салынды, Мұның бәрі қуантады, себебі ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді, — деп қорытындылады Ақжар ауылдық округінің әкімі Елес Жапарғалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров атап өткендей, жергілікті бюджет есебінен және ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында өңірде блокты-модульді медициналық пункттер салынуда.

 — Алакөл ауданына келетін болсақ, өткен жылы Қарлығаш, Байзерек, Ынталы ауылдарында блокты-модульді медициналық пункттер орнатылды. Биылғы жылы осындай нысандар Бибақан, Арқарлы және Қоңыр ауылдарында пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Достық, Қабанбай және Ақтүбек ауылдарына 3 санитарлық автокөлік сатып алынды. Жыл соңына дейін аудандық аурухана заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, 200 төсектік стационары бар орталық емхана құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жалпы соңғы 2 жылда Алакөл ауданына инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың құрылысына, сондай-ақ жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 32,2 млрд. теңге бөлінді.

Алдыңғы мақала

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ ГАЗЫ: КАКИЕ ИСТОЧНИКИ ЭНЕРГИИ ВЫЗЫВАЮТ БОЛЬШЕ ВСЕГО ВЫБРОСОВ CO₂?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
717
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.