Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Алмалы ауылында заманауи спорт кешені іске қосылды

9 Қазан, 2024
Алмалы ауылында заманауи спорт кешені іске қосылды
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының тағы бір елді мекенінде жаңа спорт кешені іске қосылды. Сарқан ауданы Алмалы ауылындағы бұл заманауи спорт нысаны «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен салынды. Жалпы биыл облыста 17 жаңа спорт объектілерінің құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, соның ішінде Алмалыдағы бұл спорт кешені – биылдыққа пайдалануға беріліп отырған алтыншы нысан, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа спорт кешеніндегі волейбол, баскетбол, күрес, бокс залдары, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелеріне арналған бөлмелер барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Сол сияқты киім ілетін, жуынатын орындар қарастырылған. Нысан ауласында шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары бар. Нысан 50 орынға лайықталған.

Бұл қуанышты жаңалыққа ауыл тұрғындары да дән риза.

— Біздің ауыл әуелден спортқа жақын. Кезінде біздің өңірден Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев сияқты атақты палуандар шыққан. Мемлекеттің осындай қолдауынан кейін сондай даңқты спортшылардың жолын жалғайтын жастарымыз ауылымыздан көптеп шығатынына сенемін, — ауыл тұрғыны Зағиля Балабекова.

Ауылдағы спорттық секцияға қатысушы жас спортшылардың бірі Дархан Нұрахмет те пікір бөлісті:

— Бұған дейін жаттықтырушымыз ауылымыздан 3 шақырым қашықтықтағы аудан орталығына бізді өз көлігімен жаттығуға апарып жүрген. Қыстағы суықта барып-келу қиын болатын. Енді алысқа бармай-ақ өз ауылымызда жаттығатынымызға қатты қуанып отырмыз. Ауылымызға салынған спорт кешенінде бұдан былай тұрақты дайындала аламыз, — дейді жас палуан.

Атап өтсек, Сарқан ауданы Алмалы ауылындағы жалпы аумағы 1343 шаршы метр болатын бұл спорт кешенінің құрылысы өткен жылы басталған болатын.

Еске салсақ, жуырда қыркүйек айының соңында Сарқан ауданының Бақалы ауылында да аумағы 3200 шаршы метрлік жаңа стадион пайдалануға берілген.

Алдыңғы мақала

Референдум демократиялық үрдістің оң өзгерісін танытты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада Жетісу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
661
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.