Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында 7500-ге жуық адам газға қосылуға мүмкіндік алды

24 Қазан, 2024
Жетісу облысында 7500-ге жуық адам газға қосылуға мүмкіндік алды
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында тағы 7500 мыңға жуық адам газға қосылуға мүмкіндік алды. Республика күні қарсаңында Көксу, Ескелді, Қаратал аудандарының 6 ауылдық елді мекеніне газ жеткізілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Көксу ауданының Жетіжал, Жеңіс, Еңбекшіқазақ ауылдары, Ескелді ауданының Ешкіөлмес, Жетісу ауылдары, Қаратал ауданының Көкпекті ауылы көгілдір отынға қосылды. Соның нәтижесінде Көксу ауданында 13 ауыл, Ескелді ауданында 12 ауыл, Қаратал ауданында 11 ауылға газ жеткізілді. Аталған аудандар келесі жылдың соңына дейін толық газдандырылады.

— Талдықорғаннан Көкпекті ауылына көшіп келгенімізге 4 жыл болды. Қыс бойы ағашты айтпағанда, 4 тоннадай көмір жағып шығатынбыз. Күйеуім жұмыс барысымен іссапарға жиі кетеді. Үйде кішкентай баламен көмір кіргізу, от жағу, күл шығару оңай емес. Оған қоса көмір жаққаннан үйдің ішін тез ыс алып қалатын. Енді газ келіп қуанып жатырмыз. Газдың арқасында жылу да, тазалық та бірге келді, — дейді Қаратал ауданы Көкпекті ауылының тұрғыны Дания Төлеубергенова.

Ескелді ауданының тұрғындары да қуаныштарын жасырмады. Мұнда бір күнде екі ауылға газ қосылды.

— Баяғыда білтелі шаммен отырған кезді де көрдік. Кейін ауылға электр жарығы, ауыз су жеткізілді, жол салынды. Енді міне газ келгеніне куә болып отырмыз. Әрине бұл ауылдастарымыз үшін  қос қуаныш болып отыр. Жерлестерімді ұлық мерекемен құттықтаймын, осындай жақсы жаңалықтар молая берсін, — деді Жетісу ауылының қарт тұрғыны Күлсара Сейілбекова.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, ауылдарға газ кіргізу кезінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында әлеуметтік әлжуаз топтар санатындағы бірнеше отбасы демеушілер есебінен газға тегін қосылды.

Жалпы биылғы жылдың соңында облыс тұрғындарының 56,5% газдандырылады деп жоспарланып отыр.

Суретті түсірген: Жұмабай Мұсабеков

Алдыңғы мақала

Республика күніне орай 40-тан астам жетісулық азаматқа мемлекеттік наградалар берілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
658
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.