25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты халықаралық акцияға қосылды. Бұл бастама 90-нан астам елді қамтиды және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға және оны түп-тамырымен жоюға шақырады.
Акция Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күнімен басталып, Адам құқықтары күнімен аяқталады. Бұл әйелдердің құқықтары жалпыға бірдей танылған адам құқықтарынан ажырамас екенін тағы бір мәрте еске салады.