Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жемқорлық – қауіпті дерт

20 Желтоқсан, 2024
1
БӨЛІСУ
9
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ғылым мен технология ғасырында да сыбайлас жемқорлық әлем мемлекеттерінің өркениетті дамуына басты кедергі келтіретін қауіпті дерт ретінде қалып отырғаны ақиқат. Сондықтан халқының болашағының жарқын болуын ойлаған әрбір мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қарастыру, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру және оның тамырына балта шабу аса өзекті мәселеге айналып отыр.

Сыбайлас жемқорлық алдымен ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіреді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді және мемлекеттің эконономикалық әлеуетін төмендетеді. Сонымен бірге қоғамның елдің билігіне, оның құқық қорғау институттарына деген сеніміне селкеу түсіреді.

Қазақстан Республикасы егеменді ел болысымен ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқылардың бірі болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды, өзге де мемлекеттік бағдарламаларды қабылдады. Мемлекетіміз сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын алдын ала халықаралық озық тәжірибелерді негізге ала отырып бағалап, осы қауіпті қоғам дертімен ымырасыз күрес жүргізуді өзінің басты мемлекеттік стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде белгілеген болатын.

Азаматтарымыздың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәдениетін саналы түрде қалыптастырғанда ғана осы аса зиянды кеселге тегеурінді тосқауыл қойылатын болады. Тәжтажал сияқты қоғамның бар саласында белең алған сыбайлас жемқорлықпен күресте әрбір жеке тұлға белсенді азаматтық позиция ұстануларымен бірге бойында осы кеселге қарсы имунитет пен көзқарас қалыптастырулары керек. Қоғамымыздың әрбір мүшесі сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуді тек құзырлы құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана ісі деп түсінбегені абзал.

Қорыта айтқанда, әрбір азаматымыз жеке бас пайдасын емес, мемлекет мүддесі мен болашағын ойласа және бүкіл қоғам болып тығыз ынтымақтастықта күрес жүргізсек  қана осы қауіпті дертті ауыздықтай аламыз. Сол себепті бүкіл қоғам  болып өскелең ұрпақтың бойында бала жастан  осы дертке деген төзбеушілік қағидаларын, отансүйгіштік қасиеттерді, имандылықты, әділдік пен еңбексүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруымыз керек. Сонда ғана егемен еліміздің болашағы-жастарымыз сауатты, ұлтжанды һәм елжанды болса жемқорлықсыз Әділетті, Жаңа Қазақстанды қалыптастыратын боламыз.

Тельман ИБРАГИМОВ,

Жаркент қаласы әкімінің орынбасары

Алдыңғы мақала

Жетісу облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін 2024 жылғы 21 желтоқсанда Талдықорған қаласында өткізу туралы ақпарат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Салық төлеу азаматтық борыш әрі міндет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
712
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.