Сенбі, 7 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ

13 Қаңтар, 2025
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді.

Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.

«Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде және сақтандыру компанияларында шот ашуы қажет, онда ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (2025 жылы 235 920 теңгені құрайды) және жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталы, 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақының жыл сайынғы төлемі және инвестициялық табыс есептелетін болады.

«Келешек» жүйесінің шарты – ата-аналар кемінде 12 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы міндетті ең төменгі жарнаны төлеуі тиіс.

Шоттарды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, ал сақтандыру төлемдерінің сомасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандырады.

Мемлекеттік білім беру грантын алған жағдайда қаражатты жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға пайдалануға болады.

Сонымен қатар, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге болады.

Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.

2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.

Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.

Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.

Студенттердің жекелеген санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді. Оларға мыналар құқылы:

Жоғары немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға бакалавриат студенттеріне – 94 651 теңге, магистранттарға – 204 921 теңге, докторанттарға – 459 375 теңге үстемеақы белгіленді.

Жаралану, контузия, ауру салдарынан мүгедектігі бар немесе мертіккен адамдарға бакалавриат студенттеріне – 78 558 теңге, магистранттарға – 175 647 теңге, интерндерге – 142 293 теңге үстемеақы белгіленді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) жетім балалар қатарындағы адамдарға стипендия 30%-ға көтеріледі, яғни бакалавриат студенттеріне – 68 083 теңге, магистранттарға – 152 227 теңге, интерндерге – 123 320 теңге үстемеақы белгіленді.

Мемлекеттік стипендиядан басқа, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 104 744 теңге мөлшерінде тағайындалатын оқуда ерекшеленген студенттерге, олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған Президенттік стипендия бар.

Президенттік стипендияны 3-ші оқу жылынан бастап студенттер және 2-ші оқу жылынан бастап магистранттар ала алады. Мұндай стипендияға бюджеттік негізде оқитын студенттер де, ақылы негізде оқитындар да құқылы.

Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу

2029 жылға дейін жатақханаларда жыл сайын 10 мың орынды пайдалануға беру көзделген.

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 11 096 орын пайдалануға берілді.

Астана және Алматы қалаларында жатақханаларда орындарды уақтылы алу бойынша ел студенттеріне консультациялық қызметтер көрсететін жобалық фронт-офистер жұмыс істейді.

2024 жылы жатақханалар салу бойынша мемлекеттік тапсырыстың мөлшері Алматы қаласында 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін, Астана қаласын қоса алғанда, елдің басқа өңірлерінде 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, жатақханаға объектілерді реконструкциялағаны үшін өтемақы мөлшері 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Құрылыс салушыға мемлекет тарапынан инвестициялық шығыстарды кезең-кезеңімен өтеуді және кәсіпкерлік субъектілерінің жатақханаларды салуға және реконструкциялауға кеңінен қатысуын қамтитын жаңа жатақханалар салу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігі әзірленді.

2025 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастарға және 1 және 2-топтағы мүгедек адамдарға, бала кезінен мүгедек адамдарға, мүгедек балаларға оқу кезеңінде ЖОО жатақханаларында тұрғаны үшін 100 050 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жалғастырылады.

Алдыңғы мақала

УВЕЛИЧЕНИЕ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СТУДЕНЧЕСКОЙ МОЛОДЁЖИ КАЗАХСТАНА

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Келешек» — нақты мемлекеттік қолдау шарасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
710
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.