Мемлекет басшысы инвестициялық штаб құру түрлі бюрократиялық кедергілер мен құқықтық қайшылықтарды жойып, жекелеген жобаларды іске асыруды жеделдеткенін атап өтті.
Мысалы, оның арқасында өңдеу өнеркәсібі секторының өсуі 6%-ды құрады. Бұл соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтиже (жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 180 инвестициялық жоба іске асырылды).