Мемлекет басшысы атап өткендей, жеке инвестициялар көлемінің азаюы бюджет қаражатымен өтеледі. Алайда, бюджет тапшылығы жағдайында бұл тәсіл тиімсіз.
Сондықтан, Үкіметке сапалы инвестициялар ұсынатын инвесторлар үшін қосымша преференциялар мен қорғау шараларын қарастыру тапсырылды.
Сонымен қатар, олар шетелдік және отандық инвесторларға да қолданылуы тиіс.
Бұл ретте, осындай преференцияға ие болған инвесторлар Үкімет алдындағы бірқатар міндеттемелерді орындауы тиіс. Яғни, жұмыс орындарын сақтау, өндірісті жаңғырту, экологиялық талаптарды сақтау және т.б.