Үкіметке ӨБК-келісім-шарттарын (өнімді бөлу туралы келісім) жаңартылған, ел үшін тиімді шарттармен ұзартуға қатысты келіссөздерді жандандыру тапсырылды.
Қазақстан осы келісім-шарттардың барлық талаптарын сақтай отырып, өзін энергия тасымалдаушылардың сенімді жеткізушісі ретінде көрсетті.
Бұл жерде келісімдердің көпшілігі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, шетелдік инвестицияларды жедел тартуды талап ететін жағдайларда жасалғанын атап өткен жөн.
Бүгінде еліміз үшін әділетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін оларды қайта қараудың уақыты келді. Мемлекет Басшысы осыны тапсыра отырып, ол үшін ұлттық мүдде басымдық боп қала беретінін баса айтты.