Сенбі, 10 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Үнемдеген ұтатын заманға тап келдік

28 Қаңтар, 2025
0
БӨЛІСУ
5
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Экономиканы әратараптандыру ісі біз сияқты дамушы елдерде үздіксіз жүргізіліп, уақыт өткен сайын жаңа реформалармен жаңғырылып отыруға тиісті. Бұл – экономикалық заңдылық. Тек шикізат пен жартылай өңделген өнімдерді экспортқа шығарып отыру қатаң нарықтық заңдылықтарға негізделген қоғамда ұзаққа төтеп бере алмайтынын уақыт өзі дәлелдеп берді. 

Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атқарушы билік тарапына салмақ сала сөйлеп, экономиканы әртараптандыру ісі бойынша нақты тапсырмалар беруі де алдағы болуы ықтыимал сын-қатерлерден ертерек сақтанудың жолы деп түсіндік.

«Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Оны еңсеру үшін бізге тиісті стратегия керек. Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінде алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек деген ой жатыр. Бұл ретте еліміздің қарапайым азаматтары да үкіметтің әрбір шешіміне түсіністікпен қарап, билік механизмдерінің дұрыс жұмыс істеуіне мүдделі болуы тиіс. Билігі пен халқының ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ғана берекесі артып, ырысы толыға түсетінін әлемдік тәжірибе бізге көрсетіп отыр. Көрпеге қарап көсілу деген кері кету емес. Үнемдеген ұтатын заманға тап келдік. Не болса да қиын кезеңнен халықты қажытпай, экономикамызды шатқаяқтатпай алып шығу еліміздің әрбір азаматының парызы деп түсінем.

Бекмұхаммед СЕРІКБАЕВ,

«Жаркент айнасы» газетінің бөлім редакторы

Алдыңғы мақала

Өз өнімдерімізді шетелге сатуда мемлекет көмекке келуі тиіс

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сапалы инвестор экономиканың оң көрсеткішке ие болуының кепілі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
652
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.