Жұма, 9 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Туған жерге туыңды тік!

11 Ақпан, 2025
Туған жерге туыңды тік!
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Нұр Жолы» (жүктік) шекаралық бақылау бөлімінің көлік жүргізушісі Амангелді Бектеміров — еңбек жолын жауапкершілікпен атқарып келе жатқан ардақты азамат.

1988-1990 жылдары Амангелді Бектеміров Отан алдындағы борышын Ресей Федерациясының Хабаровск қаласында КСРО Әуе қорғаныс күштерінің әскери бөлімдерінің бірінде көлік жүргізушісі болып қызмет атқарды. Әскери өмір оны тәртіпке, жауапкершілікке, қиындыққа төтеп беруге үйретті. Әскерден оралған соң, ауылында мамандығы бойынша еңбек етіп, тәжірибесін жетілдірді. Он бес жылға жуық Қорғас ауылындағы 2088 әскери бөлімінде көлік жүргізушісі болып қызмет атқарды. Бұл жылдар — оның кәсіби шеберлігі мен адалдығының сыналған кезеңдері болды. Өз міндетін адал орындап, әрқашан өзіне жүктелген тапсырмаларды тиянақты әрі мұқият орындады. 2015 жылы «аға сержант» әскери атағында әскери қызметін абыроймен аяқтады. Зейнетке шыққаннан кейін де, туған еліне қызмет етуді тоқтатпай, 2088 әскери бөлімінде қызметші ретінде жұмысын жалғастырды. 2018 жылдың шілде айынан бастап «Нұр Жолы» (жүктік) шекаралық бақылау бөлімінде көлік жүргізуші лауазымында қызмет атқаруда. Бүгінгі таңда өзіне жүктелген міндеттерді адал орындап, ел тыныштығын қорғау жолында еңбек етіп келеді. Амангелді Бектеміров ісіне берілген, адалдықты ту еткен жан. Оның тынымсыз еңбегі, шекара қызметіне қосқан үлесі ел алдында мәңгі есте қалары сөзсіз!

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Алдыңғы мақала

АНТИМОНОПОЛЬНЫЙ ОРГАН ДОБИЛСЯ ПРЕКРАЩЕНИЯ НЕЗАКОННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ДОЧЕРНИХ КОМПАНИЙ МЦПС «ХОРГОС»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
652
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.