Сенбі, 28 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Күн панельдерін пайдалануымызға кім кедергі?

16 Ақпан, 2025
Күн панельдерін пайдалануымызға кім кедергі?
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Өткен жылғы Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдумға дайындық кезеңінде мамандар мен ғалымдардың болжамдары, пайым-пікірлері, тұжырымдары біраз жұртты ойландырып тастады. Қазіргі қарқынмен бұл бағытта қарекетсіздік жасасақ, таяу жылдарда елімізде электр қуатынан тапшылық тартуымыз ғажап емес екен. Оған ең алдымен техника мен технология жылдам үрдіспен дамыған заманда көптеген факторлар себеп болатын көрінеді.

Алайда бәріміз жабылып «Салсақ салайық» деп пәтуаласқан атом электр стансалары кем дегенде 15 жылдан кейін ғана дайын болып, қуат тарата бастайды. Ендеше арзан қуат көзін өндіретін басқа да мүмкіндіктерді неге іздестірмейміз? Мысалы жел генераторларын көбейтуге болмай ма? Сол сияқты жергілікті жерлердегі табиғи ресурстарды пайдаланып, шағын су электр стансаларын салуды қолға алу керек.

Бұл бағытта Панфилов ауданында алғашқы қадам жасалған. Қорғас өзеніне 2010-2014 жылдары салынып, 2021 жылы пайдалануға берілген «Нұр-шырақ» шағын су электр стансасы сөзіміздің дәлелі болмақ. Оған Санкт-Петербург қаласындағы «МНТОИНСЭТ» компаниясынан сатып алынған, әр қайсысының қуаттылығы 0,5 киловатты құрайтын 4 агрегат орнатылған. Бұл құрылғылар Қорғас өзені ағынының орташа жылдық көрсеткіштері кезінде жылына 9,85 миллион киловат электр қуатын өндіре алады. Жобалап айтқанда шағын су электр стансасы толық қуатында жұмыс істегенде Қорғас өзенінің жағалауына орналасқан Басғұншы ауылдық округі халқын түгел және «Қорғас шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығын», «Нұр жолы» өткізу бекетін, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы Құрғақ айлақ, Индустриялық және Логистикалық орталықтар мен Нұркент ауылын электр қуатымен қамтамасыз етпек.

Сол сияқты Панфилов ауданында Шежін, Тышқан, Үсек, Бұрақожыр /Бөріқұзар/ сияқты таудан бастау алатын ағысы арынды өзендерге осындай шағын су электр стансаларын салса, бүкіл аудан тұрғындары мен кәсіпорындарын жергілікті арзан қуат көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік тумай ма? Ұлы Отан соғысынан кейінгі қиын-қыстау жылдарда Шежін мен Үсек өзендерінің басына шағын су электр стансалары салынып, өңірдің бірнеше ауылын жарықпен қамтамасыз еткенін жақсы білеміз. Кейін олар қажетсіз болып, жойылған соң да бұл мәселе сонау Кеңес кезеңінен айтылып, кезінде Үсек өзенінің басына тоғыз каскаттан тұратын су электр стансасын салудың жаңа жобасы да жасалғаны есімізде. Өкінішке орай Үсек өзеніне су электр стансасын салу мәселесі іске аспай-ақ қойды.

Соңғы жылдардағы өңірдегі жаз маусымында егін суаратын судың тапшылығы осы аталған өзендерге тоспа салып, су қоймаларын жасау жөніндегі мәселені күн тәртібіне қойып отыр. Жылдан-жылға ағын судың азаюы көптен көкейде жүрген мәселелердің қолға алынуын жеделдетіуде. Ендеше су қоймасы салынған жерге электр стансасын орнату өз-өзінен сұранып тұрған оңтайлы мүмкіндік емес пе?! Сөйтіп екі қоянды бір оқпен атудың сәті түспей ме?

Мұны бір десеңіз, екіншіден күннің көзі шуақты, табиғаты тамаша өңір халқының тілегін жаратқан ием құп көргендей «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы индустриялық орталығында соңғы бірнеше жылдардан бері салына бастаған өндіріс орындары қатарында «Майами Solar» ЖШС күн нұры арқылы электр қуатын өндіретін батареялар шығара бастады. Кәсіпорынға Панфилов ауданының жер қорынан «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА пайдалануға 1 гектарға жуық жер бөлген. Жобаның жылдық өнім өндіру қуаты 200 меговат. Нақтылап айтқанда әр қайсысы 550 Вт болатын 363 635 күн панельдерін шығара алады. Инвесторлар жаңа кәсіпорында жалпы 46 жұмыс орынын жасақтап, соның өндіріс ерекшелігіне сәйкес арнайы мамандыққа оқытылған 35-ін жергілікті азаматтарға беріп отыр. Отандық нарықта сапалы өнім өндіру қуатымен 2023 жылдың қорытындысында жеңімпаз атанған компания Қазақстан Республикасы Президентінің «Озық өндірісті кәсіпорын» номинасиясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығына ие болып та үлгірген.

Бұл кәсіпорын америкалық озық технологияға сәйкес ай сайын әрқайсысы 8 мегават электр қуатын өндіретін күн панелдерін жасауда. Бұлар өткен жылдан бастап инвесторлармен жасалған келісім шартқа сәйкес өз өнімдерін АҚШ-қа, Беларусь пен Өзбекстанға жөнелтуде. Жыл соңына дейін өндірген өнімдерінен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан көрінеді.

Ал енді осы кәсіпорынның өндірісін алғашқы ойымызбен сабақтастырсақ – «Шамның жарығы түбіне түспейді» демекші жергілікті халық іргеде тұрған жаңа зауыттың өнімдерінің игілігін неге көрмейді? Отанымызда өндірілген өнімнің игілігін қол жетімді бағада алдымен өз еліміз көргені жөн емес пе? Оның үстіне компания өкілдері күн панельдерін өндіріп қана қоймай, жобалап, жеткізіп, монтаждап, қысқасын айтқанда электростансасын орнатып, қосып береміз деп отыр.

Қазіргі ақпарат тасқынында айтылып жүрген деректерге сенсек – осы күн сәулесінен электр қуатын өндіретін батареялармен үйінің шатырын жауып алып, автономды қуат көзін пайдаланып отырған елдімекендер де бар көрінеді. Ал енді малшылардың күн нұрынан қуат өндіретін батареяларды сатып алып, шалғайдағы қыстаулар мен жайлауда үйін түнде жарықтандырып, күнделікті теледидарын тамашалап отырғанын көзімізбен көріп жүрміз. Ендеше осы қуат көзі күн шуағы мол түсетін Жаркент өңірінің тұрғындарына, қалаберді бүкіл Жетісу аймағының жұртына тиімді болар деген ойдамыз. Іргеде тұрған өндіріс орынында жасалатын арзан қуат көзін өндіретін халық «Күн төк» деп атап кеткен батареялар жергілікті тұрғындарға қолжетімді бағада сатылса электр қуатының жетіспеушілігін шешетін бірден-бір жол осы емес пе?

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

АҚ ТАС пен КӨК ТАС

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақтың жарық жұлдызы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
722
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
672
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
599
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.