Сенбі, 10 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жаңа жобалармен жанданған өңір

17 Ақпан, 2025
Жаңа жобалармен жанданған өңір
1
БӨЛІСУ
7
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мыңдаған жылдарды қамтитын тарихы бар Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі көне сүрлеулерінің бірі жазиралы Жаркент өңірі біздің дәуірімізде жаңаша түр-сипатпен жаңғыруда. Ол ең әуелі халықаралық қарым-қатынасқа кең жол ашуымен ерекшеленіп, ежелден батыс пен шығысты жалғастырған бұл жолдың бойы бүгінде ғасыр құрылысы дерлік ірі-ірі индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру алаңына айналды.

Мұнда қазір әлемде теңдесі жоқ «Қорғас шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы» күн сайын мыңдаған саяхатшылар келетін үлкен сауда алаңына айналды. Сонымен қатар «Жетіген – Қорғас» темір жол желісі тартылып, халықаралық «Алтынкөл», «Құндызды» бекеттері жасалып, «Нұр жолы» халықаралық өткізу бекеті халықаралық жүк айналымына кең жол ашты. Шекара түбінде теміржолшылар мен шекарашыларға арналған «Нұркент» кешенді қалашығы салынып, ол күн санап көркеюде.

Жылдар жемісіне айналған осынау мемлекеттік ірі құрылыстар қатары әлі де қалыңдай түсуде. Бүгінде АЭА (аранйы экономикалық аймақ) индустриялық орталығының аумағында оншақты өндіріс орындары әртүрлі өнімдер өндіріп, елімізде, алыс-жақын шет мемлекеттерге саудалауда. Болашақта мың гектар жерге Қазақстан мен ҚХР бірігіп технопарк жасап, онда отызға жуық өндіріс орыны салынады деген жоба бар. Сонымен қатар Оңтүстік Корей елі 200 гектар жер алып, өз автокөліктерін құрастырмақшы.

Солардың қатарында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрамындағы «Khorgos Tech Сontract» ЖШС тігін компаниясы өткен жылдың наурыз айынан бастап төсек-орын бұйымдары мен терезе перделерін тігіп, Ресей сауда орындарына жөнелте бастады. Компания өз өнімдерін болашақта еліміздің ірі қалаларындағы сауда орындарына көтерме бағамен көптеп шығаруды көздеп отыр.

Тұрмыста сұранысы жоғары төсек-орын бұйымдары мен терезе перделері компанияға алғашқы сәттен толайым табыс әкелуде. Сондықтан тігін цехтарында өнім көлемін ұлғайта берудің мүмкіндіктері қарастырылуда. Жұмысын бастағанына аса көп уақыт болмаған кәсіпорын әкімшілігі өздеріне керек тігіншілер мен мамандарды Қорғасқа жақын елдімекендерден іздеуге мән беріп отыр. Қазір мұнда 30 тігінші еңбек етеді.

Арнайы экономикалық аймақтан бір гектарға жуық жер алған инвесторлар фабрика ғимараттарын салу мен құрал-жабдықтар алуға 187 миллион теңге жұмсапты. Өндірісті одан әрі өркендету бағытында компания басқа да қам-қарекеттер жасауда.

М. МАНАП

Алдыңғы мақала

Сталин тәнті болған «Темір генерал»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Негізгі мақсат – әділетті қоғам құру

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
652
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.