Бұқтырма су қоймасындағы жаңа көпір – елдегі маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Ол Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін үлкен жеңілдік әкелді. Бұрынғы пароммен немесе мұз үстімен жүрудің қауіптілігі мен ыңғайсыздығын ескерсек, бұл көпір – өңірдегі көлік қатынасы мәселесін түбегейлі шешетін стратегиялық нысан.
Сонымен қатар, көпірдің салынуы аймақтың экономикалық дамуына да оң әсерін тигізеді. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жол жүру уақытын қысқарту, жүк тасымалы мен сауданы жандандыру – мұның бәрі халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан бұл жоба – Қазақстандағы инфрақұрылымдық дамудың жақсы үлгісі. Алдағы уақытта осындай ірі жобалар өзге өңірлерде де жүзеге асса, ел ішіндегі жол қатынасы мен аймақтық даму қарқынды түрде жақсара түседі.
Молот СОЛТАНАЕВ,
«Жаркент айнасы» газетінің Бас редакторы