Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырмасына сәйкес, құс етін (тауық еті) көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспардан тыс талдау жүргізді.
Бәсекелестіктің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізудің мақсаты көрсетілген тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін айқындау, тауар нарығында үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу, оның ішінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін, сондай-ақ басқа да проблемалық мәселелерді анықтау.
Жетісу облысының географиялық шекарасында құс етін (тауық еті) көтерме саудада өткізу нарығы — жоғары шоғырланған нарық ретінде сипатталады. Жетісу өңірінде тауық етін өндірумен айналысатын жалғыз кәсіпорын – «Көгер ЛТД» ЖШС. Тауық етінің негізгі көлемін Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан дилерлік компаниялармен (дистрибьюторлар) жеткізіледі. Айта кетерлігі, отандық шаруалар тауық етінің нарық қажеттілігінің 66 пайызын ғана қамтамасыз етсе, қалған 34 пайызы шетелден импортталады.
Жүргізілген талдау нәтижелеріне және нарық субъектілерінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті