Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Қоғамға қажет болу үшін…

23 Сәуір, 2025
Қоғамға қажет болу үшін…
4
БӨЛІСУ
50
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Өкініштісі, жыл өткен сайын елімізде есірткі заттарын пайдаланушылар саны артып келе жатқанын нарколог дәрігерлер дабылдатып отыр. «Жаман әдет жұғымтал» демекші, денесіне есірткі егіп еліретіндер қарулы күштер қатарына да дендегені байқалады. Бұл дертпен қалай күресу керек? Оны жауынгерлер жолынан аластаудың амалы қайсы? Осы сауалдар төңірегенде Панфилов шекара басқармасының әскери құрамымен аудандық ауруханасының наркологі Дәурен Қойбағаровтың кездесуінде жан-жақты әңгіме қозғалды.

«Есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жауынгерлерді жаман әдеттен сақтандыру» деген тақырыпта өткізілген шарада шекарашылар мен нарколог арасында ашық әңгіме өрбіді. Дәурен Сәбитұлы шекарашыларға қоғамдық дертке айналған есірткіге тәуелділік пен оның салдарына байланысты туындайтын мәселелерді жіпке тізгендей жіліктеп жеткізді. Нарколог кез келген есірткінің адам ағзасына тигізетін зияннын, оларды қолданушылардың қоғамдық орта мен заң алдында жауаптылығын тәптіштеп жеткізді.

– Әдетте алғашқы рет есірткі затын пайдаланып көрген жан бір жолғыдан тәуелді болып қалмаспын деген қызығушылықпен жаман әдетке бой алдырады да, бұл ісін қайталағанын өзі де байқамай қалады. Мұның ақыры есірткіге деген тәуелділікке жеткізіп, біржола байланады. Соның салдарынан өзі азап шегеді, отбасында кикілжің жиілеп, жанұясы күйреуі де мүмкін, – деді Дәурен Сәбитұлы. – Біздің қоғам есірткіге тәуелді жандардан іргесін аулақ салып, туыстары да олардан сырт айналады. Бір атым есірткі үшін ар-ұятты табанға таптап өтіп, әр түрлі қылмыс жасаудан жүрегі шімірікпейтіндердің өмір сүрген ортасына тигізер зияны орасан.

Азаматтық қоғамдағыдай есірткіге байланысты проблемалар әскер қатарында да кездесетіні жасырын емес. Көңіл күйін көтеру үшін сарбаздардың аяқ киімге жағатын кремді нанға жағып жеуді әдетке айналдырып, оның соңы есірткі заттарын пайдалануға ұласқаны туралы ақпарат құралдарында жазылғаны есімізде. Мұндай әуестіктің соңы жастардың болашағына өз қолымен балта шауып, тағдыры талқан болумен бітетіні белгілі.

Есірткі қолданудың алдын алу бағытындағы баяндамасының барысында нарколог дәрігер жауынгер шекарашылардың сұрақтарына жауап беріп, өзі де оларға сауал тастап екі жақты қызықты, әсерлі кездесу өткізді. Жастарды жаман әдеттерден арылып, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамға, ата-анаға, отбасына қадірлі, қажет адам болуға шақырды.

 М.МАНАП

Алдыңғы мақала

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың ыстық асы енді цифрлық бақылауда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
654
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.