Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

80 шақырымдық марафон

2 Мамыр, 2025
80 шақырымдық марафон
1
БӨЛІСУ
9
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жеңістің 80 жылдығына және Жаркент шегара отрядының құрылғанына 101 жыл толуына орай Панфилов шегара басқармасының мұрындық болуымен өткен  80 шақырымдық марафонға әскерилер қатысты. 

Жаркент шегара отряды 1924 жылы 12 сәуірде құрылған еді. Бұл жасақ ғасырдан астам уақыттан бері еліміздің оңтүстік-шығысындағы шегара шебін мүлтіксіз күзетіп келеді. Қос мерекеге орай өткен марафонда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облыстық шегара басқармасында қызмет ететін офицерлер Асқар Талғатов, Ернар Ысқақов, Абай Сапаров және Тасқын Хамитжановтар алдына қара салмай, жарысты қорытындылады. Ел шебіндегі Қарақұм шегара бөлімшесінен таңғы сағат төртте жүгіріп шыққан марафоншылар қиындыққа толы қалың тоғайлы, құм төбелерді басып өтіп, мәреге жетті. Желаяқ сарбаздарды Панфилов шегара басқармасы бастығының орынбасары Әлішер Сламбеков салтанатты жағдайда марапаттады.

– Адамзат баласына зардабы мен залалын тигізген сұм соғыстың аяқталғанына биыл 80 жыл толып отыр. Елімізден майданға 1,5 млн. боздақ аттанып, шайқас даласында қиянкескі ұрыста ерлік көрсетті. Нәтижесінде Қазақстаннан 500-ден астам Кеңес Одағының Батыры шықты. Алайда қанша боздақ ұрыс өткен аймақтарда қалды. Сондықтан бұл Жеңіс біз үшін аса құнды, құрметті. Еліміздің оңтүстік-шығыс шегара шебін жүз жылдан астам уақыттан бері абыройлы күзетіп келе жатқан Жаркент шегарашыларының даңқы да елеусіз қалмауы керек. Қос мерейлі мерекені ұштастырған марафонда оқ бойы озық болған әріптестерімізді құттықтаймыз, – деді Әлішер Сламбеков.

Марафоншыларды марапаттау рәсімі Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға қойылған ескерткіш маңында өтті. Шарада шегара қызметінің ардагері Георгий Полусмаков бейбітшілік пен тыныштық орнаған еліміздің көгін бұлт шалмасын деген тілек арнады.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Алдыңғы мақала

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Батыл барлаушы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
655
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.