Сейсенбі, 13 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жетісу облысында балалардың терезеден құлауын алдын алу жұмыстары күшейтілуде

8 Мамыр, 2025
Жетісу облысында балалардың терезеден құлауын алдын алу жұмыстары күшейтілуде
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Балалардың ата-аналарының қарауынсыз қалуында көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен, балкондарынан құлап кету жағдайлары көбеюде. Бұл туралы Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Балалар қауіпсіздігі немесе «Терезе» жедел профилактикалық іс-шарасы жөнінде баспасөз мәслихаты өтті.

Өткен жылы Жетісу облысында балалардың терезеден құлауына байланысты 6 оқиға тіркелді. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы қайғылы аяқталмады. Зардап шеккен балалар медициналық мекемелерге жеткізіліп, қажетті көмек алды. Ал биыл жыл басынан бір жағдай тіркелді. Атап өтсек, 2025 жылдың 12 ақпанында Талдықорғанда жекеменшік үйдің терезесінің жанында ойнап жүрген бала құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды.

Балалардың тұрмыстағы қауіпсіздігіне, соның ішінде терезеден құлаудың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Полиция департаментінің өкілінің айтуынша, ең  үлкен  қауіп  2-ден 7 жасқа дейінгі балаларға төнеді. Өйткені олар қауіп-қатерді толық сезіне алмайды. Олардың қауіпсіздігіне ата-аналар мен заңды өкілдер жауапты дейді.

Бүгінде жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда. Тұрғындармен кездесулер, ата-аналар жиналыстарында сөз сөйлеу, чаттар арқылы ақпараттық материалдарды тарату ұйымдастырылған. Көрнекі материалдар мен бейнероликтер балаларды үнемі бақылап отырудың маңыздылығын жеткізуге көмектеседі.

Өңірде орналасқан білім беру ұйымдарының 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Барлығы 19 мыңнан астам камера орнатылды, оның 18 214-і  – цифрлық. Барлық камералар Жедел басқару орталықтарына толықтай интеграцияланып, тиісті актілер жасалды.

Сондай-ақ, барлық оқу орындарында полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған дабыл түймелері орнатылған.

Терроризмге қарсы қорғаныс мақсатында 296 мекемеде 518 турникет пен домофон қойылған. Бұдан бөлек, 209 ұйым арнайы күзетпен қамтамасыз етілген. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары бұдан әрі жалғасатын болады.

Алдыңғы мақала

Keden ақпарат жүйесін іске қосудың аралық қорытындылары

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында 2025 жылдың I тоқсаны бойынша монополияға қарсы жұмыстардың қорытындысы шығарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
880
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
654
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.