Сенбі, 7 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21 Мамыр, 2025
Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясымен жұмыс кездесуін өткізді. Миссияны Қазақстан бойынша жаңадан тағайындалған жетекші – Али Аль-Эйд мырза бастап келді.

Кездесу барысында елдің энергетика саласындағы инвестициялық климатты нығайту жолдары, жылу электр орталықтарын қоса алғанда, инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жоспарлары және мұнай-газ саласының даму перспективалары талқыланды.

Ерлан Ақкенженов Қазақстан энергетикасындағы басымдықтарды айқындап, инвесторлар үшін ашық әрі қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Халықаралық серіктестермен, соның ішінде ХВҚ-мен жүргізілетін конструктивті диалог бізге энергетика саласын орнықты дамыту стратегиясын тиімді жүзеге асыруға және үздік әлемдік тәжірибелермен үндестіруге мүмкіндік береді, – деді министр.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – жұмыс істеп тұрған энергетикалық қуаттарды жаңғырту бағдарламалары болды. Әсіресе, жылу электр орталықтарын жаңарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл – сенімді энергиямен қамтуды қамтамасыз ету және заманауи, экологиялық таза технологияларға ұзақ мерзімді инвестиция тарту үшін маңызды негіз болып табылады.

Тараптар мұнай-газ секторының даму келешегін де егжей-тегжейлі қарастырды. Министр 2027 жылға қарай мұнай өндіру көлемі 104,5 млн тоннаға жетеді деген болжамды растады. Бұл көрсеткішке Теңіз кен орнын кеңейту сияқты ірі жобаларды іске асыру арқылы қол жеткізілмек.

Кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері секторына инвестиция тарту мәселелері де сөз болды. Қазақстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін елдің энергетикалық теңгерімінде 15%-ға дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

– Басты міндетіміз — елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инвестициялар тарту мен озық технологияларды енгізу арқылы саланың қарқынды дамуына жағдай жасау. Қазақстан өзара тиімді ынтымақтастыққа әрдайым ашық, – деді Ерлан Ақкенженов кездесу қорытындысы бойынша.

Алдыңғы мақала

Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау және метрология саласындағы іс-қимыл жоспарын мақұлдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
711
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.