ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Көксу» шекара бөлімшесінде жеке құрам арасында заң талаптарын қатаң сақтау және құқықбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында түсіндіру-насихат шарасы өткізілді.
Шара барысында жеке құрамға Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары, әскери жарғылардың негізгі баптары мен қызметтік тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әскери қызметшілердің жауапкершілігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға қызметтік міндеттерін заң аясында адал атқарудың қажеттілігі ескертіліп, нақты мысалдар келтірілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті










